Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті Өскеменде мемлекетаралық іздеуде жүрген 55 жастағы шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол іздеуде он жылға жуық уақыт болған. Анықталғандай, 2007 жылдың желтоқсанында тұрмыстық жанжал кезінде ер адам танысына пышақ жарақатын салып, денсаулығына ауыр зиян келтірген.
Сот оны сырттай 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Алайда ол жазасын өтеуден жалтарып, бой тасалаған. 2016 жылдың соңында мемлекетаралық іздеуге жарияланған.
Қазір ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны іздеп жатқан тарапқа хабар берілді. Биыл желтоқсан айында оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін тиісті елге беру рәсімі жоспарланған.
Жыл басынан бері облыс полицейлері іздеуде жүрген 23 адамды ұстады. Оның 13-і өткен жылдары жасалған қылмыстар бойынша іздеуде болған.