Астана қаласының полициясы Dodge Stratus автокөлігінің жүк салғышынан құрылыс құрал-саймандарын ұрлаған 33 жастағы жігітті ұстады, - деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұрын сотталған күдікті бұрауыштың көмегімен көліктің жүк салғышын ашып, ішіндегі құрылысқа қажетті құрал-саймандарды алып кеткен. Б
ұл әрекеті арқылы жәбірленушіге 170 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Ұрлаған заттарды бір жерге апарып жасырған. Алайда кейінірек бұл құрал-саймандарды тағы да белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Қазіргі таңда екінші ұрлық дерегі бойынша да тергеу жүргізіліп, кінәлі тұлғалар анықталып жатыр.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады және қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.