Ақкөл тұрғыны танысының ықпалымен екі адамды атып өлтірген

/
Ақкөл тұрғыны танысының ықпалымен екі адамды атып өлтірген
istockphoto.com

2024 жылдың тамызында Ақкөл қаласында Б есімді азамат К есімді танысын адам өлтіруге итермелеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Б-ның бұлай істеуіне бұрынғы жанжал себеп болған. К мас күйінде қолына мылтық алып, екі адамды атып өлтірген. Үшінші жәбірленуші оқиға орнынан қашып үлгерген.

Алқабилер сотының шешімімен Б кісі өлтіруге итермелегені үшін, ал К екі адамды өлтіргені үшін кінәлі деп танылды.

Сонымен қатар К атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін де кінәлі деп танылды.

Үшінші адамды өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты алқабилердің шешімімен Б. және К. ақталды.

Жаза тағайындарда сот сотталушылардың жас балаларының бар екенін, жәбірленушілерді ауруханаға жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткендерін жазаны жеңілдететін жағдайлар ретінде қарастырған.

Сот үкімімен Б 18 жылға, К 18 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандардың әрқайсысынан жәбірленушілердің пайдасына 20 млн теңгеден моральдық шығын өндірілді.

Бөлісу: