Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева Ресейдің Санкт-Петербург қаласында ең бағалы сәукеле сақтаулы тұрған деген дерек айтты.
Оның айтуынша, аталған жәдігерді «Кунсткамераһ» музейінде көруге болады.
«Сәукеленің бағасы 100 аттың құнымен тең. Қазіргі бағамен шамамен 50 миллион теңге тұрады. Қазақтың байлары дәулетін білдіру үшін қыздарын ұзатқанда арнайы зергерлерге соқтырып, алтын, асыл тастармен көмкеріп жасаған. Бұл сәукелені сыйға тартқан Лайықжан Дербісәліұлы Беркімбаев. Ақтөбе уезінен шыққан Кердері Әбубәкірдің жырларындағы арнауы бар «Жағалбайлы жиналса, Дербісәліні мақтайды» деп келетін өлең жолдарындағы Жағалбайлы руынан шыққан бай Дербісәлі байдың баласы Лайықжан тапсырған», - деп жазды ол.