Олимпиада жүлдегерлеріне берілетін сыйақы: Үкімет қаулы қабылдады

/
Олимпиада жүлдегерлеріне берілетін сыйақы: Үкімет қаулы қабылдады
Olympic.kz

Үкімет Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада және Паралимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне сыйақы беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл қадам Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асып отыр. Үкімет қаулысы қолданыстағы заңнама аясында дайындалып, тиісті мемлекеттік органдармен келісілген. Қаулыда халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына мемлекет тарапынан сыйақы тағайындау көзделген.

Сыйақы төлеу тәртібі мен көлемі бұған дейін бекітілген нормаға сәйкес жүзеге асады.

Бөлісу: