Рим папасы Франциск 21 сәуірде 88 жасында көз жұмды. Оның жерлеу рәсімі 26 сәуірге жоспарланған. Осыған орай Ватиканда понтификтерге тән дәстүрлердің бірі – жүзікті балғамен сындыру рәсімі өтеді.
Жүзік – әрбір жаңа сайланған папаға арнайы жасалатын жалғыз дана әшекей, оны Рим зергерлер гильдиясы дайындайды. Бұл жүзікті католиктер сүйіп құрметтейді, сондай-ақ ол понтифик қол қойған маңызды құжаттарды бекіту үшін де қолданылған.
Францисктің жүзігі алтыннан емес, оның өтінішімен қапталған күмістен жасалған – үнемдеу мақсатында. Жүзікті камерленго (папа сарайының уақытша басқарушысы) – Кевин Джозеф Фаррелл сындырады. Бұл рәсім папаның қайтыс болуын ресми түрде бекіту және жалған құжаттарға жол бермеу үшін жасалады. Жүзіктің сынықтары марқұмның мүрдесімен бірге жерленеді.
Сонымен қатар, Франциск өз денесін мырышпен қапталған ағаш табытқа салуды және бетіне ақ матамен жабуды өсиет еткен. Оның жанына понтифик кезеңінде соғылған монеталар мен өмірбаяны жазылған пергамент қойылады.