Қытайдың Цзуньи қаласында тау велосипедінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші орын алды.
Команда құрамында Богдан Лухманов, Алексей Фефелов, Денис Сергиенко, Виолетта Казакова, Юлия Ли және Алина Карасева өнер көрсетті. Бірінші орынды Қытай, үшінші орынды Үндістан иеленді
Құрлық біріншілігі 27 сәуірге дейін жалғасады. Жарысқа 15 елден барлығы 160 спортшы қатысып жатыр.