Алматыда жолаушы такси жүргізушісін шапалақпен тартып жіберді

/
Алматыда жолаушы такси жүргізушісін шапалақпен тартып жіберді
istockphoto

Алматыда жолаушы такси жүргізушісін шапалақпен тартып жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Алматылық такси жүргізуші келеңсіз жағдайға тап болды. Видеодан жүргізушінің көлікте темекі шекпеуін сыпайы түрде өтінгенін, бірақ жауап ретінде жолаушылардың бірі бетінен шапалақпен ұрғанын көруге болады. Осыдан кейін жүргізуші жол бойына тоқтап, жолаушыларды түсірген.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі істің мән-жайы анықталып жатқанын, заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданатынын хабарлады.

Желі қолданушылары мұндай жолаушыларды міндетті түрде жазалау керектігін жазып жатыр.

Бөлісу: