Ұлының өлімін көтере алмаған ер адам өзіне қол жұмсады

/
Ұлының өлімін көтере алмаған ер адам өзіне қол жұмсады

Әзербайжан елінің Зардаб ауданына қарасты Горугбагы ауылында суицид оқиғасы тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz.

21 сәуір күні шамамен сағат 13:00-де 1960 жылы туған жергілікті тұрғын Пехливан Джавад оглу Мамедов үйінің ауласында өзіне қол жұмсаған.

Туыстарының айтуынша, бірнеше жыл бұрын армиядан енді ғана оралған ұлы Кура өзенінде батып кеткен. Бұл оқиға П. Мамедовке қатты соққы болып тиген, содан бері оның денсаулығында елеулі мәселелер пайда болған.

Аталған факт бойынша Зардаб ауданы прокуратурасы тергеу жүргізіп жатыр.

Бөлісу: