«Қазгидромет» синоптиктері ертең 22 сәуірде Астана, Алматы, Шымкент сондай-ақ еліміздің тағы 15 өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын болжап, дауылды ескерту жариялады.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай ойнап, күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Түнде Түркістан облысының тауларында, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 23-25 сәуір аралығында облыстың батысында, шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі күтіледі. Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с болмақ. Түркістанда 23-25 сәуір аралығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды деп болжанған.
Түнде Атырау облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 15 м/с.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Петропавлда 22 сәуірде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Абай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсу ықтималдығы жоғары.
Астанада күндіз найзағай ойнайды деп болжанған.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болуы мүмкін.
Жетісу облысының шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың таулы аудандарында тұман болуы ықтимал. Таразда да күндіз найзағай ойнайды.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың шығысында, тау етегіндегі аудандарында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус аязды көрсетеді, үсік жүруі мүмкін. Алматыда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15 м/с.