«Қыдекең сыналып жүр»: Қарақат Әбілдина отбасына қатысты мәселесін жария етті

/
«Қыдекең сыналып жүр»: Қарақат Әбілдина отбасына қатысты мәселесін жария етті

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина күейуі Қыдырәлінің сырқаттанып қалғанын айтты. Бұл туралы ол Журналист Әйгерім Сейфолланың «Сырласу» бағдарламасында мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесі былтыр Германияға барып, ем алып келген еді.

«Қыдыкеңнің денсаулығы сыр бергені жасырын емес. 2-3 жылдан бері денсаулықпен сыналып жүр. Былтыр Германияға барып, емделіп келді. Отбасымызға қатысты дүние болғандықтан, бүге-шүгесіне дейін айтпай-ақ қояйын. Қазір медицинаның дамыған заманында барлық сырқаттың емі бар. Жақсы дәрігерлерден ем алды. Дер кезінде медициналық көмек көрсетті», – деді әнші.

Бөлісу: