"Роскосмос" агенттігінің хабарлауынша, ресейлік ғарышкерлер мен америкалық астронавт отырған "Союз МС-26" ғарыш кемесінің капсуласы Қазақстан даласына қонды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кеме 20 сәуір күні Астана уақытымен түнгі 02:57-де Халықаралық ғарыш станциясынан ажыратылды. Сағат 05:27-де тежеу жүйесі іске қосылып, "Союз МС-26" Жер атмосферасының тығыз қабаттарына кіріп, бірнеше бөлікке бөлінді. Қону Астана уақытымен 06:20-да Жезқазған маңындағы далаға парашют арқылы жүзеге асты.
"Роскосмос" агенттігі қону сәтін тікелей эфирде көрсетті.
Аппарат жерге қонғаннан кейін іздестіру-құтқару тобы ғарышкерлерді капсуладан шығарып алды.
Айта кетейік, ресейлік ғарышкерлер Халықаралық ғарыш станциясында 2024 жылғы 11 қыркүйектен бері болған. Осы уақыт аралығында олар 40-тан астам ғылыми эксперимент жасап, бір рет ашық ғарышқа шығып, станцияның сыртқы бетіне "Аспанды бақылау" спектрометрін орнатқан.
Бұған дейін NASA астронавттары жеті айдан кейін алғаш рет ашық ғарышқа шыққан еді. Алайда бұл Жерге оралу емес, тек "жағдай ауыстыру" үшін жасалған серуен болған.