Аспиринді неліктен балаларға беруге болмайды?

/
Аспиринді неліктен балаларға беруге болмайды?
istockphoto.com

Ресейлік терапевт дәрігер Ирина Ярцева 12 жасқа дейінгі балаларға аспирин тек тұмау кезінде ғана емес, кез келген басқа ауру түрінде де қарсы көрсетілгенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Иммунологтың айтуынша, аспирин құрамындағы ацетилсалицил қышқылы вирустық инфекциямен бірге қабылданса, балада Рейе синдромын тудыруы мүмкін.

«Рейе синдромы кезінде бауыр зақымданады. Бұл – сирек кездесетін, бірақ өте қауіпті ауру. Ол миды да зақымдайды, кейде тіпті өлімге әкелуі мүмкін», – деді Ярцева.

Дәрігер балаларға аспириннің орнына парацетамол немесе ибупрофен сияқты дәрілер ұсынады. Олар дене қызуын түсіріп, ауырсынуды қауіпсіз түрде баса алады.

Рейе синдромының бастапқы белгілері қандай?

  • Құсу (бірнеше рет тоқтамай құсу);
  • Әлсіздік, шаршау;
  • Ұйқышылдық немесе керісінше – мазасыздану;
  • Тынышсыз мінез-құлық (агрессия);
  • Тыныс алудың бұзылуы;
  • Құрысу (судороги);
  • Сананың шатасуы, есінен тану.

Неліктен қауіпті?

  • Бүгін жеңіл белгілер болса, ертең-ақ бала есін жоғалтуы мүмкін. Ата-аналар мен тіпті кейбір дәрігерлер де алғашқы белгілерін басқа аурулармен шатастырып қалуы мүмкін.
  • Диагноз қою қиын. Себебі бауыр зақымдалса да, әдеттегі сары ауру сияқты көрінбейді. Баланың терісі сарғаймайды, сол себепті дер кезінде тану қиын.
  • Кей науқастардың есте сақтау, сөйлеу, қозғалу қабілеттері бұзылуы мүмкін.

Алдын алу жолы:

  • 12–16 жасқа дейінгі балаларға аспирин бермеу.
  • Дене қызуы көтерілген жағдайда парацетамол немесе ибупрофен қолдану.
  • Вирустық ауру кезінде баланың жағдайын мұқият бақылау.
Бөлісу: