сенбі, 19 сәуір, 2025

Жүгері зауытының іргетасы қаланды

Жүгері зауытының іргетасы қаланды
сурет: Жамбыл облысы әкімдігі

Жамбыл облысында жүгері өңдейтін зауыттың құрылысы басталды. Бұл – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, экономиканы әртараптандыру үшін қолға алынған маңызды бастаманың бірі.

Зауыттың іргетасын қалау рә­сі­міне Жамбыл облысының әкімі Ер­бол Қарашөкеев қатысып, бұл жо­ба еліміздің агроөнеркәсіп кеше­нін­дегі жаңа бетбұрыс екенін айт­ты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін 70 пайызға дейін жеткізу жөнінде нақ­ты тапсырма берді. Бұл – сол міндет­тің нақты іске асуының жарқын мы­салы. Зауыт қосылған құны жо­ғары өнім шығаратын біртұтас жүйе қалыптастырады, – деді ай­мақ басшысы.
Инвестициялық жобаның жал­пы құны – шамамен 420 миллиард теңге. Бастапқы кезеңде зауыт жы­лына 500 мыңнан 1 миллион тон­наға дейін жүгері өңдеуге қауқарлы бол­са, болашақта бұл көрсеткіш 3 мил­лион тоннаға дейін артады деп жос­парланып отыр.
Жобаның бастамашысы – биоө­німдер өндіруде жаһандық тә­­­жіри­бесі бар Қытайдың ірі Fufeng Group ком­паниясы. Компания биылдың өзінде-ақ 2026 жылдың өндірісіне қажет 300 мың тонна жүгері сатып алуды көздеп отыр. Осы мақсатта жамбылдық шаруалармен офтейк-келісімшарттар жасалады.
Зауытта жүгері өңделіп, амин­қыш­қылдары (лейцин, валин, изо­лей­цин, глутамин, цитрулин), крах­мал, глюкоза секілді өнімдер өн­діріледі. Сонымен қатар өндірісте қал­дықсыз технология қолда­ны­ла­ды: қалдықтар мал азығына ай­нал­мақ.
Құрылыс кезеңінде шамамен 
6 000 адам жұмыспен қамтылады, ал зауыт іске қосылғаннан кейін ал­ғашқы кезеңде 400, жалпы алған­да 1 500 тұрақты жұмыс орны ашы­лады.
Fufeng Group Limited басқарма төрағасы Ли Сюэчунь өз сөзінде Жам­был облысының инвестиция­лық әлеуеті жоғары екенін айтып, жо­баның жүзеге асуына жағдай жа­­саған жергілікті билік пен Үкі­метке алғысын білдірді.
Жалпы, Жамбыл облысының ин­вестициялық қоржынында 3,6 три­ллион теңгеге бағаланатын 82 жо­ба бар. Бұл жобалар 10 мыңнан ас­там жұмыс орнын ашуды көз­дей­ді. 2025 жылдың алғашқы үш айын­да өңірге 120,5 миллиард теңге ин­вестиция тартылып, өткен жыл­дың осы кезеңімен салыстырғанда 37,1 пайызға өсім тіркелді. Жыл соңына дейін жалпы құны 175,2 мил­лиард теңгеге 30 инвест­и­ция­лық жобаны іске қосу жоспарда бар.
 

Бөлісу: