сенбі, 19 сәуір, 2025

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын алды

/
Akorda

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын алды, деп жазады turkystan.kz.

«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.

Сенім грамоталарын:

  • Беларусь Республикасының елшісі Алексей Богданов,
  • Таиланд Корольдігінің елшісі Пияпин Нийомреркс,
  • Молдова Республикасының елшісі Штефан Горда,
  • Мьянма Одағы Республикасының елшісі Тит Линн Оун,
  • Кения Республикасының елшісі Питер Мутуку Матуки,
  • Албания Республикасының елшісі Блерта Кадзадеш,
  • Италия Республикасының елшісі Антонелло де Риу тапсырды.

Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының басталуымен құттықтап, еліміздің өзара мүддеге негізделген ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бейбіт әрі көпвекторлы сыртқы саясат ұстанатынын айтты. Президенттің айтуынша, халықаралық қатынастарда диалог пен ықпалдастық қағидаттары басшылыққа алынуға тиіс және БҰҰ Жарғысын қатаң сақтау айрықша маңызды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары