Атырау облысында бір күнде жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам көз жұмды.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратына қарағанда жол апаты 15 сәуірде тіркелген.
— Полиция қызметкерлері тәулік бойы жол қозғалысын қадағалап, жүргізушілерге қауіпсіздікті сақтауды түсіндіріп келеді. Дегенмен, жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуы азаймай отыр. Мәселен, 15 сәуірде тіркелген бірнеше жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам көз жұмды. Таңғы сағат 05:45 шамасында Toyota Camry маркалы көлігі аударылып, 3 адам қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Сол күні сағат 15:30 шамасында Сағыз ауылында жасөспірім мотокөлікпен бағанаға соғылып, ауыр жарақат алды. Ол ауруханада көз жұмды. Ал сағат 16:40 шамасында Доссор-Құлсары тас жолының 93-шақырымында жүк және ВАЗ-2115 көліктері соқтығысып, 1 адам оқиға орнында қайтыс болды, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.