Елордада екі күннен бері 17 жастағы бойжеткенді іздеп жатыр. Іздеу жұмыстарына полиция мен еріктілер жұмылған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ажар Омар 15 сәуір күні 17:00-де Жұбанов көшесіндегі үйінен шығып, содан кейін оралмаған.
Үйден шыққан кезінде көк күрте, қара шалбар, ақ кофта киіп кеткен. Қара түсті рюкзагы болған.
«Полиция қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмаған қыздың жүрген жерін анықтап жатыр. Куәгерлерден, достары мен таныстарынан жауап алынуда», - деді Астананың Полиция департаменті.