Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 515 — 522 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 16 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 516,91 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,30 теңге. Еуро — 586, 33.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,4 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 517,4 теңге. Еуро 584 — 590 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 515 теңге. Еуро 583 теңгеден сатып алынып, 590 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,22 — 6,40 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 15 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,16 теңгеге төмендеп, 516,91 теңге болған.