Мамыр мерекелерінде қазақстандықтар неше күн демалады?

/
Мамыр мерекелерінде қазақстандықтар неше күн демалады?
Ашық дереккөзден

2025 жылдың мамыр айында қазақстандықтар 12 күн демалады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл мерекелік және демалыс күндерінің үйлесуіне байланысты.

Мамырдағы барлық мемлекеттік мерекелер аптаның ортасына түсіп отыр: 1 мамыр – бейсенбі, 7 мамыр – келесі аптаның сәрсенбісі, ал 9 мамыр – жұма күніне сәйкес келеді. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кейбір демалыс күндерін ауыстыру туралы шешім қабылдауы мүмкін.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңның 3-бабына сәйкес, 2025 жылы елімізде келесі үш мереке аталып өтеді:

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні (бейсенбі);

7 мамыр – Отан қорғаушы күні (сәрсенбі);

9 мамыр – Жеңіс күні (жұма).

Соның нәтижесінде:

Бес күндік жұмыс аптасы бар азаматтар үшін:

1 мамыр – демалыс,

2 мамыр – жұмыс күні,

3-4 мамыр – сенбі-жексенбі,

5-6 мамыр – жұмыс күндері,

7 мамыр – демалыс,

8 мамыр – жұмыс күні,

9-11 мамыр – мерекелік және апта соңындағы демалыс.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін:

1 мамыр – демалыс,

2-3 мамыр – жұмыс күндері,

4 мамыр – демалыс,

5-6 мамыр – жұмыс,

7 мамыр – демалыс,

8 мамыр – жұмыс,

9 мамыр – демалыс,

10 мамыр – жұмыс,

11 мамыр – жексенбілік демалыс.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары