Қарағандыда халыққа қызмет көрсету орталығы маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz.
«14 сәуірде қала шетінде орман екпелерінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл факті полицияға тіркелді. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, өлімге қан айналымының жедел жеткіліксіздігі және басқа да аурулар себеп болған», - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.