сәрсенбі, 16 сәуір, 2025

Сарыағашта түзету орталығының қызметкері Даун синдромы бар балаға күш көрсеткен

/
Видеодан алынған скриншот

Сарыағашта арт-терапевт Даун синдромы бар балаға күш қолданған, деп хабарлады stan.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға жеке түзету орталықтарының бірінде орын алған. Әлеуметтік желілерде орталық қызметкерінің ерекше қажеттіліктері бар баланы еденде сүйреген сәті түсірілген видео тарап жатыр.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта, балада Даун синдромы бар екені және жүрегіне екі рет ота жасатқаны айтылған.

Баланың анасының айтуынша, ұлы жылап келіп, "Мұғалім мені ұрды. Қорқып кеттім” деп айтқан.

Түркістан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысы бар адамдар полицияға жеткізіліп, түсініктеме берді. Іс Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.

Қазір барлық мән-жайды анықтау бойынша қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес тиісті шешім қабылданады. Сондай-ақ, бұған дейін полицияға ешкімнің арызданбағаны анықталды.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, ар-терапевт жұмыстан босатылған. Балаға психологиялық көмек көрсетілді.

Бөлісу: