14 сәуірде «Нұрсұлтан Назарбаев» атындағы Астана әуежайында ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы «Найза – терроризмге қарсы-2025» атты терроризмге қарсы оқу іс-шарасын өткізіп жатыр.
Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
— Азаматтардан өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарауды сұрайды. Іс-шараны өткізу кезінде әуе және автокөлік қозғалысын шектеу көзделмеген. Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ресми ақпарат көздерін басшылыққа алып, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу керек.