Business Insider сарапшылары жұмыстан кетуге толықтай негіз бола алатын 6 белгіні атады.
Тексеріп көріңіз:
- Үйге шаршап-шалдығып келесіз
- Әр жексенбі сайын жаңа жұмыс аптасының алдында шағын "күйзеліске" түсесіз
- Айлық тек ең қажет дүниелерге ғана жетеді
- Өсу жоқ: бірсарынды тапсырмалар, дамуға мүмкіндік болмайды
- Өміріңіз өзгергенімен, жұмыс соған бейімделуге мүмкіндік бермейді
- Еңбегіңіз бағаланбайды, ешкім елемейді
Егер бұл тізімнен кем дегенде үшеуін байқасаңыз, түйіндемеңізді жаңартып, жаңа жұмыс іздеуді бастайтын кез келгені анық. Егер барлық 6 белгі сәйкес келсе, бұл сіздің қазіргі жұмысыңыздан кету қажет екенінің айқын белгісі дейді мамандар.
Дегенмен, жұмыс ауыстырап алдында тәуекелді жан-жақты ескеріп, жеті өлшеп бір рет кескен жөн.