сейсенбі, 15 сәуір, 2025

Алаяқ Өскемен тұрғынының атына жеті несие рәсімдеген

/
istockphoto.com

Өскемен тұрғыны танымал мессенджерлердің бірінде алаяқтардың құрбанына айналған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бөгде тұлға жәбірленушінің жеке деректерін, нақтырақ айтқанда, растау кодын пайдаланып, оның атына жалпы сомасы 800 мың теңгеден астам қаражатқа жеті шағын несие рәсімдеген.

Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары азаматтарға бір реттік растау кодтарын, құпия сөздер мен жеке деректерді ешкімге жарияламауға кеңес береді.

Алаяқтар түрлі айла-тәсілдер арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, олардың атынан заңсыз әрекеттер жасауға ұмтылады.

Өз қауіпсіздігіңіз үшін жеке ақпаратты құпия ұстаңыз және мессенджерлер арқылы келген күмәнді хабарламаларға аса сақтықпен қараңыз.

Егер алаяқтық белгілерін байқасаңыз, бірден "102" нөміріне хабарласып, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

Бөлісу: