Нұрлан имам балаға ат қоюға қатысты кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Имамның айтуынша, балаға атты әкесі қою керек.
Баланың атын әкесі қойсын. Есімді өзі таңдап, азанды әкесі айтсын. Сонда әкесі жауапкершілік сезінеді. Асырайтын әке, өсіретін әке, көтеретін, бәрін жасайтын әке, тіпті, баланы тастап кетіп, жылататын да әке. Сондықтан жауапкершілікті сезіну үшін бұл міндетті әкеге тапсыру керек, - деді желіде оқырмандардың сауалына жауап берген Нұрлан имам.
Одан бөлек имам балаға жаңашыл ат қоюдың қажеті жоқ екенін атап өтті.
Одан кейін адам түсінбейтін арабша, жаңашыл аттардың керегі жоқ. Елде жоқ, ешкім естімеген деп интернеттің бәрін ақтарып әуреге түспей, ата-әжеңнен қалған есімдерді қоя беріңіздер. Жапонша, жаңашыл аттардың керегі жоқ. Жаңашылдыққа бой ұрып ар жақтан бір әріп, бер жақтан бір әріп алып құрастырудың маңызы жоқ, - деді имам.