сейсенбі, 15 сәуір, 2025

Спорттық гимнастика: Қазақстандық Милад Карими жеңіс тұғырынан көрінді

/
Фото: ҰОК

Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңінде қазақстандық Милад Карими жеңіс тұғырынан көрінді.

Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткеніндей, Милад Карими кермедегі жаттығудан үздік шықты.

Қазақстандық гимнаст төрешілерден 14,666 балл алды. 

Израиль өкілі Александр Мякинин (14,433) күміс медальға қол жеткізсе, қытайлық Чени Се (14,300) үздік үштікті түйіндеді. 

Бұл – М.Каримидің осы әлем кубогы кезеңіндегі екінші медалі. Бұдан бұрын ол еркін жаттығудан қола алған еді. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы қоржынына Осиекте үш медаль түсті. М.Каримиден басқа Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығудан үшінші орынға көтерілген еді. 

Бөлісу: