Астанада LRT құрылысы бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, жолдарда уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлады қала әкімдігі.
101-102 станцияларының аралығында болат қорапты арқалықты орнатуға байланысты:
14 сәуір күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін – Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы жол айрығында Қарағанды тас жолы бағытынан Қосшы қаласына қарай қозғалыс уақытша шектеледі;
15 сәуір күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін – Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы жол айрығында Қосшы қаласынан Қарағанды тас жолы бағытына қарай қозғалыс шектеледі.
Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.