сейсенбі, 15 сәуір, 2025

Мьянмада 4 қазақ еңбек құлдығынан босатылды

/
istockphoto

Өзбекстан дипломаттары Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан барған 13 адамды Мьянмадағы еңбек құлдығынан құтқарды, деп хабарлайды "Дунё" ақпарат агенттігі.

"Өзбекстанның Таиландтағы бас консулдығы Мьянмада адам саудасының құрбаны болған Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан азаматтарының отанына оралуына көмек көрсетті", - делінген хабарламада.

Олардың әрқайсысын Таиландқа жалақысы жоғары жұмысқа шақырған, бірақ кейін адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтар оларды Мьянмаға алдырып, алаяқтық колл-орталықтарда жұмыс істеуге мәжбүрлеген.

Дипломаттар Мьянма мен Таиландтың құзырлы органдарымен келіссөз жүргізіп, нәтижесінде Өзбекстанның екі азаматы, Қазақстанның төрт азаматы және Қырғызстанның жеті азаматы отанына оралды.

Жәбірленушілердің айтуынша жұмысты орындаудан бас тартқандарды ұрып-соққан және бас бостандығын алу үшін үлкен көлемде ақшалай өтемақы төлеуді талап еткен.

Бөлісу: