сейсенбі, 15 сәуір, 2025

Семейде аялдамада жеңіл автокөлік өртенді

/
Фото: Абай облысының полиция департаменті

Семейде аялдамада жеңіл автокөлік өртенді, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Абай облысының полиция департаменті.

"Семей қаласындағы Шәкәрім даңғылы бойындағы "Агенттік" аялдамасы маңында ВАЗ-21043 маркалы жеңіл автокөлік өртенді", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнына бірінші болып патрульдік полицияның екі экипажы жетті. Полиция қызметкерлері дереу аумақты қоршап, азаматтарды қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті.

Өрт шыққан сәтте аялдамада жолаушылары бар рейстік автобус тұрған. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында тұрғындар арасында үрей туындамай, қауіпсіздік сақталды.

Көп ұзамай оқиға орнына ТЖД қызметкерлері келіп, өртті сөндірді.

Бөлісу: