Танымал қазақстандық актриса, блогер Жәния Джуринская бала босанған соң дене бітімін өзгерткенін айтқан еді. Кейіннен актриса жаңа төсін құрбыларына көрсетіп, парақшасына видео жүктеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Айтпақшы, неге өзіңізді қабылдамайсыз, қабылдау керек екенін үнемі айтасыз ғой, деп жазатындар бар. Өзіңізді қабылдау бәрінен бас тартуды білдірмейді. Армандарыңызға адал болып, өз ережелеріңізбен бірге болыңыз», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары Жәнияның бұл әрекетін әбден сынады.
«Мақтанатын нәрсе тауыпты. Өзі үшін істеген бе әлде құрбылары мен қоғам үшін істеген бе», «Осыған дейін жеткенбіз бе? Көрсетсең көрсет, бірақ оны видеоға түсірудің не қажеті бар», «Құрсын, не істеп тұр?», «Ұят-ай, көрсететін түгі қалмаған ба? Құтырған қатын, тәрбие көрмеген. Осы видеоны әкең қалай көреді, бетсіз», деп жазды олар.