Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті лауазымына сайлануына орай Қазақстан шахмат федерациясының президенті, белгілі кәсіпкер, меценат Тимур Турловқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Президент дүниежүзілік беделді ұйымды басқаратын отандасымызға толайым табыс тіледі.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті болып сайланғанын болатын.
Сайлау 26 қыркүйекте Самарқандта 46-Дүниежүзілік шахмат олимпиадасымен қатар өтіп жатқан ұйымның Бас ассамблеясы аясында өтті.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Тимур Турлов мүмкін болған 196 дауыстың 110-ын жинады.