Ақмола облысындағы Атбасар көшелерінің бірінде Mercedes көлігі төрт адамды қағып кетті, оның екеуі бала. Оқиға бүгін, 12 сәуірде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қуанышқа орай, көлік қаққандардың барлығы тірі, олар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Әйелдердің бірі басынан жарақат алып, белі көгерген. Алты жасар бала бас-ми жарақатымен ауруханаға түсті. Тағы бір әйел мен жасөспірімге алдын ала жабық бас-ми жарақаты диагнозы қойылды.