Абай облысында полиция қызметкері Айдос Айдарханұлы жол апатын түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тәртіп сақшысының қазасы туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан мәлім етті. Ол кіші сержант Айдос Айдарханұлының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
«Оның жанқиярлық еңбегі, антына адалдығы және жоғары кәсібилігі әріптестерінің және оны жеке танитын барша жандардың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл – ішкі істер органдары жүйесі үшін орны толмас қайғы, біз сіздермен бірге қайғырамыз», - деп жазды Бектөре Сұлтан.