Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 514 – 521 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 12 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 514,94 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,13 теңге. Еуро — 583, 74.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 517 теңге. Еуро 581 — 589 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 521 теңге, сатып алу құны — 514 теңге. Еуро 582 теңгеден сатып алынып, 592 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,10 - 6,20 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 11 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,36 теңгеге төмендеп, 514,94 теңге болған.