Синоптиктер 13 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің бірқатар аймағында қауіпті метеорологиялық құбылыстар күтілуде.
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік, орталық және оңтүстік өңірлеріне әсер етуді жалғастырады. Соның салдарынан жаңбыр мен найзағай күтіледі.
«Күндіз солтүстік және орталық аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Елдің басқа бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстікте — шаңды дауыл мен шквал, солтүстік пен орталықта — бұршақ күтіледі», — делінген синоптиктер хабарламасында.
Түнгі уақытта ауа температурасының төмендеуі салдарынан бес өңірде үсік жүреді деп болжануда. Атап айтқанда:
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігі;
Ақтөбе облысының солтүстігі;
Қостанай облысының батысы;
Ақмола облысы;
Солтүстік Қазақстан облысы.
Бұл өңірлерде -3°С-қа дейін үсік түсуі мүмкін.