жұма, 18 сәуір, 2025

Атбасар ауданының әкімі адам өмірін сақтап қалды

/

Ақмола облысы Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылының әкімі Есіл өзенінде балықшының қайықтан құлап қалғаны туралы ТЖМ өкілдеріне дер кезінде хабарлаған, деп жазды turkystan.kz.

Осылайша ол адам өмірін сақтап қалуға себепші болды.

Іздеуге ТЖМ жедел-құтқару жасағының тобы дереу жеткен. Құтарушылар 15 минут ішінде балықшыны тауып, оны жағаға жеткізді. Белгілі болғандай ол суға батып кетпес үшін ағаштан ұстап алған.

Құтқарылған адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары