жұма, 18 сәуір, 2025

Қазгидромет қай өңірде ауа сапасы нашарлайтынын жариялады

/
istockphoto

Бүгін Қазақстанның жеті қаласында ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

- 2025 жылдың 10 сәуірінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мен ауаның ластануы Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Алматы қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары