сейсенбі, 8 сәуір, 2025

Рудныйдағы арнайы орталықтан екі жасөспірім қашып кетті

/
Фото: Арман Мухатов

Рудныйдағы түзету орталығынан екі жасөспірім қашып кетті. Полиция іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7 сәуір күні Рудный қаласының полициясына «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар отбасыларды қолдау орталығынан» екі тәрбиеленушінің жоғалғаны туралы хабар келіп түсті. 15 және 17 жастағы жасөспірімдер мекемеден қашып кеткен. 15 жастағы жасөспірімнің бұған дейін де қашқаны белгілі болды.

«Қазіргі уақытта оларды іздеуге 20 техника, 53 полиция қызметкері, 15 ерікті және Рудный қаласының тұрғындары жұмылдырылған. Күні бойы қаланың көшелері мен саяжайлары тексерілді. Қазіргі кезде Қостанай ауданының жақын ауылдарында іздестіру жұмыстары жалғасуда, өйткені жасөспірімдер соңғы рет Сергеевка және Константиновка ауылдарында байқалған», - делінген ПД хабарламасында.

Полиция егер олар туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, 102 телефонына хабарласуды сұрайды.

Бөлісу: