Қазгидрометтің болжауынша алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді деп болжануда. Батыста солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста қатты жаңбыр жауады, шығыста түнгі уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.
«Елдің батысында температура түнде 5-13-тен 1-9-ға дейін, күндіз 15-25-тен 10-20 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Солтүстікте, республиканың орталығында түнде температураның ауытқуы 0-8-ден 2-12-ге дейін, күндіз 10-20-дан 17-25-ке дейін көтеріледі», - деп жазылған хабарламада.
Синоптиктердің мәліметінше елдің шығысында түнде температураның 2 градус аяз-7 градус жылыдан 5 градус аяз-5 градус жылыға дейін аздап төмендейді, күндіз 13-21-ден 17-25 градус жылыға дейін біртіндеп жоғарылайды.
Оңтүстікте түнде 10-15 градус жылы болса, күндіз 20-28-ден 23-32-ге дейін көтеріледі. Оңтүстік-шығыста түнде 5-12 жылыдан, таулы аудандарда 3 аяз-2 жылыдан 3-8 жылыға дейін, таулы аудандарда 0-5 аяз, күндіз 15-25-тен 12-20 жылуға дейін аздап төмендейді.