дүйсенбі, 7 сәуір, 2025

Ақмола облысында судың ортасында қалған бір үйір жылқы құтқарылды

/

ТЖМ құтқарушылары 9 жылқыны құтқарды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақмола облысында Есіл өзенінің деңгейінің жоғарылауы салдарынан 9 жылқы судын ортасында қалып қойған.

Жылқыларды су тұтқынынан құтқару үшін ТЖМ қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар келді. Іздестіру пилотсыз ұшу аппаратының көмегімен жүргізілді.

Құтқарушылар жылқыларға жүзу құралдарымен жетіп, табынды қауіпсіз жерге айдап шығарды.

Бөлісу: