Қазақстандық боксшылар Балауса Мұздыман мен Ангелина Лукас арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды. Бұл туралы Мұздыманның менеджері Уля Мұсаханова пікір білдіріп, басты себепті атады, деп хабарлады turkystan.kz penalty.kz сайтына сілтеме жасап.
Уля Мұсаханованың айтуынша, Fight Nights ұйымының басшысы Камил Гаджиев ұсынған 50 мың долларлық гонорарға қарамастан жекпе-жектің болу ықтималдығы өте төмен.
"Мен бұл жекпе-жек болады деп сенбеймін. Ангелина бір кездесуден әлдеқайда көп табыс табады. Ол Балаусамен ауыр айқасқа не үшін шығады, егер сол ақшаны жарнамалық келісімшарттан-ақ таба алса? Ол өз жолында нық тұр, қаржы жағынан да жақсы жағдайда", — дейді Мұсаханова.
Менеджердің сөзіне қарағанда Лукастың командасы келіссөздерге мүлдем қызығушылық танытпаған.
"Біз бұл жекпе-жекті ұйымдастыру үшін біраз әрекет жасадық. Бірақ Ангелина жағынан ешқандай жауап болмады. Сондықтан бұл кездесу үлкен ықтималдықпен болмайды", — деді Уля Мұсаханова.
Соған қарамастан Балаусаның командасы жаңа маусымға жоспар құруын жалғастырып келеді. Алдағы уақытта ол тағы бір жекпе-жекке шығып, одан кейін титулдық айқастарға жол ашатын бірнеше кездесу өткізуді көздеп отыр.
Еске салсақ, бұған дейін Балауса Мұздыман Ангелина Лукасты жекпе-жекке шақырған еді.