сәрсенбі, 9 сәуір, 2025

Атырауда ер адамды соққыға жыққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

/
Polisia.kz

Атырауда түнгі мезгілде ер адамды соққыға жығып кетті. Жергілікті полиция қызметкерлері күш көрсетушілерге қатысты қылмыстық іс қозғады. 

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, төбелес Атырау қаласындағы «Тұрғын үй қалашығы» шағын ауданында болған. Видеода жігіттің бірі жерде жатқан ер адамды тепкені түсірілген.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерекке қатысты құқық бұзушылардың ұсталғанын мәлім етті. 

– Қазір қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі. 

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілген. 

– 5 сәуірде түнгі сағат 02:58-де Атырау қаласының С.Сауырғалиев көшесіндегі тұрғын үйдің алдында болған оқиға бойынша жедел жәрдем қызметіне шақырту түсті. Оқиға орнына барған жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері 1984 жылғы ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ол дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде науқастың жалпы жағдайы – орташа тұрақты, - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі

Бөлісу: