Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында монша кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Әл-Фараби көшесінде орналасқан бір қабатты монша кешенінде тіркелген. Өрт шатыр бөлігінен басталған.
«Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынмен күресіп, 200 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді», – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. Жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.