сейсенбі, 8 сәуір, 2025

Оралда арқан тартыстан Қазақстанның рекорды орнатылды

/
Фото: дереккөз

Орал қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы орталық алаңда ел тарихында алғаш рет арқан тартыстан Қазақстан Республикасының жаңа рекорды тіркелді.

Аталмыш шарада 200 адам бір мезетте арқан тартып, ұлттық спорттың мәртебесін асқақтатты. Шара салауатты өмір салтын насихаттауға, ұлттық мұрамызды ұлықтауға және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Жарысқа екі команда — “Жайық” және “Еділ” қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қызықты да тартысты өткен бәсекеде “Жайық” командасы жеңіске жетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Аталған жетістік ресми түрде тіркеліп, Орал қаласы арқан тартыс бойынша Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Шараға арнайы келген Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов қатысып, рекорд орнатылғанын жариялап, арнайы сертификатты салтанатты түрде табыстады.

Бұл бастама — ұлттық рухты ұлықтауға бағытталған игі іс, сонымен қатар көпшілікті дәстүрлі спорт түрлеріне баулудың жарқын үлгісі.
Ұлттық спортты қолдайық! Ұрпаққа рух, елге мәртебе сыйлайық!

Бөлісу: