дүйсенбі, 7 сәуір, 2025

Қазақ боксшылары Бразилияда үш алтын медаль жеңіп алды

/
ҰОК

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен бокстан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы үш алтын және үш қола медаль иеленді, деп хабарлайды turkystan.kz Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жазира Орақбаева (51 кг дейін) жарыс чемпионы атанды. Оның қарсыласы, италиялық Элен Лучия Аяри, жарыстан бас тартқан.

Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг дейін) финалда өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловты жеңсе, Даулет Төлемісов (85 кг дейін) өзбекстандық Ақмалжол Исроиловтан басым түсті.

Қола медаль иеленген спортшылар:

 Диас Молжігітов (75 кг дейін)

Даниял Сапарбай (90 кг жоғары)

Ұлжан Сәрсенбек (57 кг дейін)

Бөлісу: