дүйсенбі, 7 сәуір, 2025

Ақмола облысында жолды су басты: көлік қозғалысына шектеу қойылды

/
Фото: ТЖМ

Ақмола облысында "Көкшетау-Атбасар" автожолының учаскесі жабылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" компаниясы.

"6 сәуір сағат 11:00 шамасында Ақмола облысында "Көкшетау-Атбасар" автожолының 103-184 шақырым аралығында (Балкашино ауылы- Атбасар қаласы) қардың еруі салдарынан жол бөлігін су алуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін сағат 07:20-де "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасына" автожолының 917-997 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жақсы ауылы- Атбасар қаласы) көлік қозғалысы ашылғаны хабарланған еді.

Бөлісу: