Қостанай облысында блогерге бірнеше рет қылмыс жасады деген күдік келтіріліп отыр.
Қостанай облыстық Полиция департаментінің өкілдері зардап шеккендердің арасында кәмелетке толмаған жастардың жоқ екенін мәлім етті.
Алдын ала деректер бойынша, зардап шеккендердің кейбіріне ер адам қарызға ақша беріп, олар оны қайтара алмаған жағдайда интимдік қарым-қатынас талап еткен. Қарсылық танытқан жағдайда оларды зорлаған.
Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды.
Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүріп жатыр, қажетті сараптаулар тағайындалды.
Бірнеше мәрте қатарынан жасалған қылмыстар үшін ер адамды 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.