Қазақстан мен Қытай шекара қауіпсіздігін күшейту және терроризмге қарсы күрес бойынша келісімдерді жүзеге асырып жатыр.
Қазақстан бейбітшіл ел. Сондықтан еліміз шекаралас елдермен және әлемдік державалармен әскери ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударады. Бұл тұрғыдан алғанда еліміздің Қарулы Күштері әскери тұрғыда көптеген елмен байланыста болып, бейбіт әскери мақсатта өтетін біріккен оқу-жаттығу жиындарына қатысып тұрады.
Еліміздің Қарулы Күштерінің өзге елдермен әскери ынтымақтастығы туралы айтар болсақ, төмендегі мәліметтерді келтіре аламыз:
2022 жылғы 28 қараша – Қазақстан мен Ресей 2023-2025 жылдарға арналған әскери ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Бұл құжат екі ел арасындағы әскери дайындық, оқу-жаттығулар өткізу, қорғаныс технологияларын дамыту және кадрларды даярлау мәселелерін қамтиды. Сондай-ақ ҰҚШҰ аясында Қазақстан Ресеймен бірлескен әскери жаттығуларға тұрақты түрде қатысады.
2022 жылғы 10 мамыр – Қазақстан мен Түркия арасында әскери ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қойылды. Келісім Түркияның Қазақстан армиясына әскери техника мен қару-жарақ жеткізуін көздейді. 2023 жылы Қазақстан Түркиядан ANKA ұшқышсыз ұшу аппараттарын (БПЛА) сатып алды. 2022 жылы қазақстандық әскери қызметшілер Түркияда өткен «Эфес-2022» әскери оқу-жаттығуына қатысты.
Қазақстан Қытаймен жан-жақты қарым-қатынасты дамытып отыр. Соның ішінде әскери саланы да айта кетуге болады. 2024 жылы Астанаға Қытай Халық Республикасының қорғаныс министрі Дун Цзюннің басшылығымен келген әскери делегация Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде болды. Кездесу соңында қорғаныс ведомстволары Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойған болатын. Сонымен бірге Қазақстан әскери дрондар сатып алды.
Қазақстан мен Қытай шекара қауіпсіздігін күшейту және терроризмге қарсы күрес бойынша келісімдерді жүзеге асырып жатыр.
Қазақстан АҚШ-пен тиімді әскери ынтымақтастықта. 2020 жылы АҚШ-тың қорғаныс саласындағы ынтымақтастық және қауіпсіздік агенттігінің есебіне сәйкес, Америка Құрама Штаттары Қазақстанға сол жылы 1 миллион доллар әскери көмек көрсеткен. Сондай-ақ АҚШ және өзге де НАТО құрамындағы елдердің бейбітшілік операцияларына дайындықты сынақтан өткізетін Steppe Eagle (Дала қыраны) халықаралық оқу-жаттығуларына Қазақстан әскерлері де бірнеше рет қатысты..
Бізге көрші әрі туыстас елдің бірі Өзбекстан. Сондықтан Қазақстан мен Өзбекстан арасында тату көршілік және әскери ынтымақтастық жолға қойылған. Каспий аймағы мен Орталық Азияда тұрақтылықты сақтау мақсатында бұл екі ел әскери ынтымақтастықты жалғастыруда.
Бұлардан өзге Қазақстан Әзербайжан, Үндістан елдерімен әскери ынтымақтастық аясына көптеген оқу-жаттығу жиынына қатысқан.
А.ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ