бейсенбі, 10 сәуір, 2025

Азық-түлік қауіпсіздігі – күн тәртібінде

Мәжіліс Спикері қазіргі заманда халықты сапалы әрі қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету жаһандық күн тәртібіндегі өзекті проблеманың бірі екенін айтты. Бұл ретте, Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше мән беріп, осы мәселені шешуге мүмкіндігінше өз үлесін қосып келеді.

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бас директоры Берік Арынмен кездесті. Тараптар жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мәселелерді талқылады.

Мәжіліс Спикері қазіргі заманда халықты сапалы әрі қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету жаһандық күн тәртібіндегі өзекті проблеманың бірі екенін айтты. Бұл ретте, Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше мән беріп, осы мәселені шешуге мүмкіндігінше өз үлесін қосып келеді.
– Азық-түлік қауіпсіздігіне мемлекетіміздің бас­шы­сы Қасым-Жомарт Кемелұлы жете көңіл бөледі. Биыл қаңтарда Араб Әмірліктерінде өткен «Абу Даби­дің орнықты даму апталығы» саммитінде осы мәселеге ар­найы тоқталып өтті. Бүгінде әлем климаттың өз­геруі, қуаңшылық, биоалуантүрліліктің жойылуы, су тапшылығы, азық-түлік қауіпсіздігі секілді аса өзекті проб­лемалармен бетпе-бет келіп отырғанын айтты. Пре­зидент Қазақстанның аталған түйткілдерді басты үш бағытқа – цифрландыру мен жасанды интеллект, ірі инфрақұрылымдық жобалар және ядролық энер­гетика салаларына негізделген стратегия арқылы ше­шуге ниетті екенін жеткізген еді. Осы тұрғыда біз пар­ламентарийлер ретінде Президент бастамаларын заң­намалық тұрғыдан қамтамасыз етуге дайын екенімізді мәлімдейміз, – деді Ерлан Қошанов. 
Әңгіме барысында тараптар қазіргі заманғы сын-қатер­лер мен тәуекелдерді еңсере отырып, азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына баса мән берді. Бұл ретте Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының әлеуеті зор. Берік Арын ұйымның қазіргі қызметі туралы ақпарат беріп, алдағы жос­пар­ларын бөлісті. Қазақстанмен тығыз қарым-қаты­наста жұмыс атқарылып жатқанын айтып, бірлескен жо­баларға тоқталды. 
Биыл Астанада Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының Бас ассамблеясының 7-отырысы өтіп, ұйымға төрағалық Қазақстанға өтеді. Соның ая­сын­да жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі ба­ғытында біраз жұмыс атқару жоспарда бар. 
Ерлан Қошанов қазіргі геосаяси, геоэкономикалық және климаттық жағдайларды, сондай-ақ су ресурс­та­рын тиімді пайдалану мәселесін ескеріп, нақты әлеу­меттік-экономикалық маңызы бар жобаларға на­зар аударуды ұсынды. 
Бұдан бөлек, ұйымның жобалық қызметіне қатыс­ты мәселелерді ілгерілету мақсатында Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігімен, сондай-ақ елі­міз­дің ғылыми мекемелері және жоғары оқу орын­дары­мен ықпалдастықты арттыру қажет екені де айтылды.
 

Бөлісу: