Алматы облысында күдікті сот ғимаратынан қашып кетті

/
Алматы облысында күдікті сот ғимаратынан қашып кетті
istockphoto

Алматы облысында 30 жастағы күдікті сот ғимаратынан қашып кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Бұл жағдай Қарасай аудандық сотында болған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Қашқынды ұстау бойынша іс-шаралар кешені қабылданады. Сонымен қатар болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тексеру жүріп жатыр", - дейді ведомство.

Полиция азаматтардан дүрлікпей, тыныштықты сақтауды және іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда 102 телефоны арқылы дереу хабарлауды сұрады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары